"Тарих толқынында" тарихи сауаттылық апталығы аясында

05.10.2021 ж. Облыстық "Тарих толқынында" тарихи сауаттылық апталығы аясында мектеп - лицейіміздің тарих пәні мұғалімі Бейсембай С. С. және директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Мағза Б. Б. ұйымдастыруымен "Ақыл гимнастикасы" атты зияткерлік ойын өтті.
Зияткерлік ойын төмендегідей кезеңдерден тұрды:
1-тур Әлемнің ежелгі өркениеттері
2- тур Танымдық география
3 - тур Атақты өнертапқыштар
4 - тур Әйгілі саяхатшылар
5 - тур Атақты архитектуралық ескерткіштер
6 - тур Әлем елдері
Сайыс қорытындысы бойынша сынып оқушылары келесідей орынға ие болды:
1 - орын 11Ә сыныбынан құрылған Chicago Bulls командасы
2 - орын 11A сыныбынан құрылған Brooklyn Nets командасы