«Тарих толқынында» атты сауаттылық апталығы

05.10.2021 ж. күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен «Тарих толқынында» атты сауаттылық апталығы бойынша мектепалды даярлық сыныптар арасында «Балқаш тарихы-тұнған шежіре» тақырыбында тәрбиеленушілер қызықты бейне материалдар тамашалап, танымдық қабілеттерін арттыру барысында мұражайға саяхаттады. Мұражайда қаламыздың тұнған шежіресімен және қазақ халқының салт-дәстүрі, танымал тұлғалары, ұлттық музыкалық аспаптарымен тереңірек танысып, түрлі дидактикалық ойындар ойнады. Мақсаты: Туған өлке тарихы мен шежіресі, танымал тұлғалары туралы таныстырып, тәрбиеленушілерді туған өлкесінің тарихы мен мәдени мұраларын зерттеуге баулу, бойларына адамгершілік құндылықтарды дарыту.