”Сүйіне білсең табиғат, сұлулыққа тұнып тұр!”

”Сүйіне білсең табиғат, сұлулыққа тұнып тұр!”

”Сүйіне білсең табиғат, сұлулыққа тұнып тұр!”
12.05.2021 күні мектеп-лицейіміздің инста парақшасында облыстық “Өнегелі өмір” жобасы аясында Республикалық “Өсімдіктер әлемі” оқу әдістемелік кешеннің авторы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры, “Королева Виктория” сыйлығының иегері-Гөзел Құлжабаеваның қатысуымен тікелей эфир өтті.
Эфирді «Жас өркен» жас тілшісі 9 «А» сынып оқушысы Шаймаганбетова Диана жүргізіп, мектеп-лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызының құттықтау сөзімен ашылып, «Әр ауланың гүлденгені-мемлекеттің гүлденгені» деген қағиданы басты ұстанымға айналдырған нағыз еңбек иесі Гөзел Әліпбекқызының өмір жолы, еңбек жолы жайлы мектеп-лицейіміздің «Жас биолог» клубының мүшелері қонағымызға ойларындағы сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алып, кері байланыс орнатылды.