"Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру"

2021 жылдың 4 мамыр күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық “Зерек”  жобасын іске асыру бойынша білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған "Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін  қолдану арқылы  бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын  арттыру" тақырыбында семинар өтті.
 Мектепалды даярлық және бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолдау көрсету, зерттеушілік дағдыларын дамыту, өзін-өзі бақылау, сондай-ақ сабақта кездесетін  әртүрлі өмірлік жағдаяттарды шеше білуге дағдыландыру мақсатындағы семинарда Балқаш қаласының «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ және «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің мектепалды даярлық және  бастауыш сынып мұғалімдері іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинар соңында Қарағанды облыстық білім беру ұйымдарының педагогтері «Mentimeter»  платформасы арқылы кері байланыс берді.
4 мая 2021 года учебно-методическим центром развития образования Карагандинской области был проведен семинар для учителей организаций образования по реализации областного проекта “Зерек” на тему "Повышение качества образования учащихся начальных классов с применением эффективных методов обучения".
Учителя предшкольной подготовки и начальных классов КГУ «Школа-лицей №15 имени Алихана Букейханова» и КГУ «Школа-лицей №2 имени Абая» города Балхаш поделились опытом работы с целью повышения интереса к чтению, поддержки в развитии творческих способностей, развития исследовательских навыков, самоконтроля, а также привития навыков решения различных жизненных ситуаций, возникающих на уроке.
В завершение семинара педагоги организаций образования Карагандинской области дали обратную связь через платформу «Mentimeter".