«Өнегелі өмір»

«Өнегелі өмір»

15.04.21 күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының «Өнегелі өмір» жобасы аясында өлкеміздің дамуына үлес қосқан азаматтардың табысқа жету тарихына мән беру арқылы олардың өмір-жолын, іс-тәжірибесін үлгі ету мақсатында мектеп-лицейімізде өз ісінің шебері «Мамандығына адалдығы үшін» медальі иегері, «Жоғарғы дәрежелі денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы», «Денсаулық сақтау қызметінің үздігі»,қырық бір жыл мемлекеттік қызмет атқарып оның отыз алты жыл басшылық қызметте болған бүгінде қалалық «Ардагерлер» кеңесінің төрағасы, «Билер» кеңесінің төрағасы Тайтөлеу Ақтайұлына арналған «Ұрпаққа үлгі болар өнегесі» тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Тлеубекова Камшат өз-ойымен бөліссе «Жас өркен» жастар медиасының тілшілері сұрақтарын қойып Тайтөлеу Ақтайұлымен кері байланыс орнатты.