«Әлихан-Ұлт қайраткері»

 «Әлихан-Ұлт қайраткері»

8.04.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ ұйымдастыруымен ұлт зиялылыарының идеологиялық көзқарасын дәріптеу, болашақ жас әлиханшыларды оқытып-тәрбиелеу мақсатында Алаш зиялыларының көсемі –Әлихан Бөкейханұлының 155 жылдығына арналған «Әлихан-Ұлт қайраткері» тақырыбында республикалық танымдық-кездесу өтті.
Кездесу модераторы: Қарағанды облысы ОӘО-ның директоры Абдикерова Бахытгуль Хималдиновна
Танымдық кездесудің қонақтары:
Жүсіп Сұлтан  Хан Аққұлұлы -«Алаш» мәдениет және рухани даму ғылыми-зерттеу институтының директоры, Нұр-Сұлтан қ.
Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызы -доцент, «Тұлғатану» орталығының директоры, Қарағанды қ.
Смағұлова Гүлнар Мұратбекқызы-доцент, «Тұлғатану» орталығының аға оқытушысы, Қарағанды қ.
Шотбақова Ләззат Қасымқызы- доцент, «Тұлғатану» орталығының аға оқытушысы, Қарағанды қ.
Зияшев Самат Саятович-Теміртау қаласы әкімінің орынбасары,
Жаудинова Халипа Корабаевна-Теміртау ББ басшысының м.а.
Танымдық кездесу барысында Әлихан Бөкейханның тұлға болып қалыптасуына әсер еткен жағдайлар мен тарихи оқиғаларға тоқталды. Кездесу қонақтары ұлт зиялыларының оның ішінде Әлихан Бөкейханның идеологиялық көзқарасын дәріптеуде тың деректер, құнды пікірлерін ортаға салды. Гимназия оқушыларының «Әлиханның Ленинмен кездесуі» атты сахналық  көріністен үзінді қойылды, «Жас Әлихантанушылар» ант қабылдады. Танымдық кездесу барысында айтулы ғалымдарымыз ұлт зиялыларының оның ішінде Әлихан Бөкейханның идеологиялық көзқарасын дәріптеуде тың деректер, құнды пікірлерімен ортаға салды. «Әлихан  - Ұлт қайраткері» тақырыбындағы танымдық кездесу тәрбиелік құны терең, жас Әлихантанушыларға тың деректерге толы, тағылымды іс-шара болды. Әлихан Бөкейхан атындағы гимназия директоры Нашкенов Бағдат Қуанышұлы  қорытынды сөзінде танымдық кездесуге қатысушыларға  алғысын білдіре отырып, Әлихан ізбасарларына тәуелсіздіктің таңында биік шыңдарды бағыныруына тілегін білдірді.
Бұл танымдық кездесудің тәрбиелік мәні зор болып, ұйымдастырушыларға алғыс айтылды.