«Лауазымдық міндеттер:директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары қызметінің негізгі бағыттары»

«Лауазымдық міндеттер:директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары қызметінің негізгі бағыттары»

29.03.2021 күні Көктемгі мектеп аясында Қарағанды облысының мектеп директорлары орынбасарларының біліктілігін арттыру курсында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А. Камзина «Лауазымдық міндеттер:директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары қызметінің негізгі бағыттары» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» заңнамалар,педагог лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына,лауазымдық міндеттер және біліктілікке қойылатын талаптарға тоқталды. Соңынан тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға кері байланыс жасалды.