"Кітаппен дос болайық" атты оқу сауаттылық апталығының ашылу салтанаты

✅Қаңтардың 18 жұлдызында мектеп-лицеціміздің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтары, ата-аналары, тәрбиеленушілері арасында мектепішілік жоспарға сәйкес ұйымдастырылып отырған "Кітаппен дос болайық" атты оқу сауаттылық апталығының ашылу салтанаты Zoom платформасында қашықтықтан өтті.
✅Апталықтың ашылу салтанатын мектеп-лицей директоры Қ.Ш.Дубирбекова құттықтау сөзімен бастады.
✅Мектепалды даярлық сынып оқушылары өздерінің Ы.Алтынсарин "Кел балалар оқылық", А.Құнанбаевтың "Қыс" өлеңдерінен үзінді оқыды.
✅Салтанатты жиында апталық жоспарымен таныстырып, оқырман сауаттылығын дамытуда белсене ат салысуға шақырылды.