“ТҰЛҒА” 2020

“ТҰЛҒА” 2020

✅2020 жылдың 14 қазан күні Жезқазған қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Ұлы ақын - Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Тағылымы терең Республика көлеміндегі салатанатты жиынды халыққа қалтқысыз қызмет етудің тамаша үлгісін көрсетіп жүрген Арқа даласының атымтай азаматы, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі игі іс-шаралардың ұйытқысы, халық қалаулысы, облыстық маслихат депутаты, меценат – Алтынбеков Бекзат Қомарұлы ұйымдастырды.Тәуелсіз Қазақстанның өнер мен мәдениеттің шамшырағын жағып, білім мен ақпарат саласының басы қасында жүрген кәсіби және таланты жандар қазақтың «Қыз Жібегі» Меруерт Өтекешова және ақын Серік Ақсұңқарұлы бастаған елімізге танымал театр қайраткерлері, мәдениет, білім, ақпарат саласының майталмандары, қоғам белсенділерінің қатысуымен «Тұлға» сыйлығын тапсыру салтанатында «Қабден Шыңғысов» атындағы сыйлықпен Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейінің директоры Дүбірбекова Қарлығаш Шәкәрімқызы марапатталды. Құттықтаймыз!
✅“ТҰЛҒА” 2020.
Қорытынды шара Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбектің онлайн құттықтауымен басталды. Облыс әкімі Жезқазған жеріне келіп жатқан барша қонақтар мен қатысушыларға сәтті сапар тіледі.
✅Сонымен, биылғы жылғы “Тұлға” сыйлығының иегерлері кімдер болды?
✅Әдебиет саласы бойынша Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері, адуынды ақын Серік Ақсұңқарлы басты сыйлықты алса, өнер саласында қазақтың “Қыз-Жібегі” Меруерт Өтекешованың маңдайы жарқырады.
✅Білім беру саласында ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері Шағангүл Алдамжарқызы үздік атанса, ақпарат саласында Сәуле Мешітбайқызы бәйгелі болды. Ал, "Ұлт тұтастығы мен ел бірлігіне қосқан үлесі үшін" "Тұлға" сыйлығы Нәзипа Ыдырысқызына бұйырды.