«Қашықтықтан оқыту үрдісінде жаңартылған білім мазмұны бағдарламасын ықпалдастыра отырып, білім сапасын арттыруға ықпал ету»
✅ 2020 жылдың 19 қыркүйек күні «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ ұйымдастыруымен НЗМ ДДБ ұйымдары, Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген бағдарламалар бойынша жаңартылған білім мазмұнын енгізу аясында курстан өткен мұғалімдерге курстан кейінгі қолдау көрсету мақсатында жетекші мектептің жұмысын ұйымдастыруға арналған семинар өткізілді. Семинарға Балқаш қаласының білім бөлімінің әдіскері К.К.Айнабекова, төмендегі мектептердің оқу ісінің орынбасарлары мен мектеп үйлестірушілері қатысты.
Олар:
✏️ "Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей" КММ
✏️ «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі" КММ
✏️ "Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектеп" КММ
✏️«Сәкен Сейфулин атындағы №7 мектеп гимназиясы» КММ
✏️ «Балқаш қаласының Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі» КММ
Семинар барысында жаңа оқу жылынды жетекші мектептің тірек мектептермен бірлесе отырып атқарылатын жұмыстың бағыттары талқыланып, болашақта педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда қандай жұмыстар жүргізуге болатындығы айқындалды. Биылғы оқу жылында негізгі мақсат «Қашықтықтан оқыту үрдісінде жаңартылған білім мазмұны бағдарламасын ықпалдастыра отырып, білім сапасын арттыруға ықпал ету».