"Қыз өссе елдің көркі"
Өзін өзі тану пәнінен 7Б сынып оқушысы, олимпиада жеңімпазы Қалқаман Асылан өзі жасаған әлеуметтік жоба қорғау жұмысын сыныптастарына таныстырып, өз сыныптастары арасында сайыс ұйымдастырды. " Жер-Ана " , ' Арлан", " Бірлік" топтары жаңа тақырыптар алып, 1,5 сағат аралығында өз жұмыстарын жасап шықты. "Ұжымдағы достық", "Қыз өссе елдің көркі", " Мүмкіндігі шектеулі жандарға құрмет, баршаға міндет" тақырыптарында көтерген өзекті тақырыптары бойынша қорғаған жобалары өте тартымды өтті. Оқушылар сұрақтар қойып, қоғамдағы мәселелерді бірге шешті. Әсіресе, өздерін толғандыратын сыныптағы оқушылар арасындағы достық, қыз бала тәрбиесі жайлы қызу талқыға салды. Сайыс қорытындысы бойынша I орынға " Жер-Ана" тобы, lI орын " Бірлік" тобы , III орынды "Арлан" тобы иеленді.