«Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар»

«Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар»

Нұр-Сұлтан қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар» атты XI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына мектебімізден әріптестеріміз барып тәжірибе алмасып қайтты.
Алқалы жиында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған екі мыңнан астам педагог бас қосты. Олардың қатарында Қазақстанның әр өңірінен келген мұғалімдер, ғалымдар, білім беру мекемелерінің басшылары, АҚШ, Ұлыбритания, Израиль, Норвегия, Нидерланды, Франция, Жапония, Сингапур, Гонконг, Вьетнам, Австралия, Испания, Ресей, Түркия, Армения сынды тағы басқа шет елдерден білікті сарапшылар келді.
Ғылыми-тәжірибелік конференция білім беру мазмұны мен мұғалім дауысына , ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыруға , ғылыми деректерді оңтайлы қолдануға арналған ақпараттарға толы болды.