«Виртуалдық мектеп» және «Жексенбілік мектеп»

 «Виртуалдық мектеп» және «Жексенбілік мектеп»

Жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қабілетті балаларды анықтау және іріктеу үшін Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары 2019 жылы «Виртуалдық мектеп» және «Жексенбілік мектеп» жобаларын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр.
Жобалардың мақсаты - Қазақстан Республикасының әртүрлі білім беру ұйымдарының​ 5 және 6-сыныптардың оқушыларына олардың жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қабілетін дамыту және​ Зияткерлік мектептерге Тұңғыш Президенттің «Өркен» грантына түсуге дайындау үшін жағдайлар жасауы.
«Виртуалдық мектеп» веб-сайтының көмегімен үміткерлер өңірлік Зияткерлік мектепте оқуға тіркелуіне,​ орындау жөнінде тапсырмалар мен ұсынымдар алуына, педагогтың дербес​ консультациясын алуына болады.
«Виртуалдық мектептің» тапсырмаларын ойдағыдай орындаған оқушылар бейіндік пәндер бойынша​ күндіз оқуға және конкурстық іріктеу пәндері бойынша күндізгі консультацияларға​ арналған өңірлік Зияткерлік мектепке шақырылады.

Виртуалдық мектептін веб-сайты​ 
www.vs.nis.edu.kz​ ​ ​

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің 6 сынып оқушыларының назарына! ​ 2019 жылғы 15 қазан мен 25 желтоқсан аралығында Виртуалды мектепке қатысушыларды тіркеу жүргізіледі. Тіркеу 
http://vs.nis.edu.kz/​
 сайтында​ жүзеге асады. Жобаның мақсаты – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін конкурстық іріктеуге дайындық... Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарының 5 сынып оқушыларының назарына!

Қазақстан Республикасы ның жалпы орта білім бер у ұйымдарының​ 5 сынып оқушыларының назарына! 2019 жылдың 18 ақпан – 25 наурыз аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Виртуалды мектебіне қатысушыларына тіркеу жүргізіледі. ​ Тіркеу http://vs.nis.edu.kz/ ​ сайтында​ ...