«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»

Мектеп-лицейшілік Дарындылар онкүндігі аясында мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен, 4-сынып оқушыларының қатысуымен қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Бабалар» залында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты поэтикалық марафоны болып өтті. 4 «А», 4 «Ә» , 4»Б», 4 «В», 4 «Г» сынып оқушылары ұлы ақынның өлеңдерін, табиғат лирикасына жазған жырларын, қара сөздерін нақышына келтіріп орындады.