«Нан мерекесі»

 «Нан мерекесі»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазанындағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» №689 қаулысына сәйкес еліміздің мерекелер тізбесі тағы бір жаңа мерекемен- Дүниежүзілік нан күнімен толықты. Осыған орай мектеп-лицейде «Нан мерекесі» аталып өтті. Мақсаты: Оқушыларға нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екенін түсіндіру, нанды қастерлеуге тәрбиелеу. Оқушылар нанның қалай дастарқанға келетінін, нанды қадірлеу,қастерлеу,наубайханашыларға деген құрмет сезімдерін өлең жолдармен, нақыл сөздермен жеткізді.