«Қаржы сауаттылығы»

«Қаржы сауаттылығы»
«Қаржы сауаттылығы» күніне орай ұйымдастырылған ашық алаң. Алаңға қатысқан оқушылар саны: 31 
4-сынып оқушыларымен «Экономика барлығы үшін» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Қаржы сауаттылығы күні» бойынша оқушыларда қаржы туралы түсінік қалыптастыру, қоғам өміріндегі және адамдардың жеке өміріндегі қаржының маңызы жайлы түсініктерін кеңейту мақсатында бизнес мекемелеріне экскурсия жасалды. 4 сынып оқушылары  саяхат сабағын өткізді.Экскурсия кезінде қаламыздағы «Сая» шаштаразына барды. Оқушылар шаштараз роліне еніп бір-бірінің шаштарына әртүрлі шаш үлгілерін жасады. Қатысқан оқушылар саны  42
7Б және 7В сыныптары арасында сынып жетекшілері Сапарова Г.Б, Токбулатова Г.Т. ұйымдастыруымен оқушыларға кәсіпкерлікті ұйымдастыруда кәсіптік бағдар бере отырып,қаржы сауаттылығын арттыру, кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың маңыздылығын ұғындыру, өз кәсібінің жемісін көріп отырған кәсіпкер еңбегін бағалау мақсатында «Кәсібің-нәсібің тақырыбында» кәсіпкермен кездесу өткізді.
Қатысқан оқушылар саны: 27
 9 сынып оқушыларына «Қаржылық табыс» туралы фильм көрсетілсе, 8 сынып оқушыларының арасында тапқырлық, тез ойлау, экономикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында «Білім биржасы» интеллектуалды ойыны өткізілді. 5 кезеңнен тұратын бұл интеллектуалды ойында 8 сынып көшбасшыларының қаржылық сауаттылығы мен азаматтық ұстанымы артты. 
Қатысқан оқушылар саны: 68