«Математика» пәні бойынша «Бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау»
«Математика» пәні бойынша «Бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» тақырыбында математика пәні мұғалімдеріне семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптама жасау саласында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру.
Семинар барысында
1) бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасаудың негізгі тәсілдері көрсетілді
2) бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипаты талданды
3) бағалау құралдарын әзірлеу мен сараптама жасауға алгоритм құрылды
Болашақта курс жалғасады ,курста оқу барысында түрлі тапсырмаларды әзірлеуге, оларды көрсетудің әртүрлі тәсілдерін қолдануға, әзірленген тапсырмаларға сараптама жасаудың педагогикалық әдіс-тәсілдерін жетілдіруге, тест сұрақтарының дұрыс жауабы мен дистракторларды шеберлікпен құрастыруға, тапсырма мен тест сұрақтарының мазмұнын талдай білуге және пән бойынша бағалауға арналған тапсырманы дұрыс таңдай білуге назар аударылады.
Семинарды математика пәні мұғалімі Садвокасова А.Т. жүргізді