«Нептун күні!»

 «Нептун күні!»

02.07.2019 ж күні «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушыларының демалысын тиімді, әрі қызықты  өткізу мақсатында «Нептун күні!» ойын-сауық бағдарламасы және «Әдептілік мерекесі», «Үлкенге құрмет — кішіге ізет» тақырыбында  танымдық сабақтарұйымдастырды.

 Бүгін әдеттегідей ерте келіп, оқушыларды күтіп алдық. Жаттығуымызды жасап, таңғы асымызды ішіп болған соң, балалармен жоспар бойынша іс – шаралар өтілді.

   Демалушылардың демалысын тиімді, әрі қызықты өткізу мақсатында- Бірлескен шығармашылық қызмет арқылы оң психологиялық климатты қалыптастыру бойынша жұмыс жасау; - Балалардың ұжымдық-ойын іс-әрекетінде жарысуын бекіту, балалардың топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; - Ұжымшылдық, өз жолдастарына жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.«Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту, үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.