Размер шрифта:

«Өрт сөндірушілер» мекемесіне cаяхат

«Өрт сөндірушілер» мекемесіне cаяхат

12.06.19 күні «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушылары «Өрт сөндірушілер» мекемесіне экскурсияға шығып кездесу өткізді. Төтенше жағдайлар департаментінің жарағындағы қолда бар заманауи құтқару техникаларымен және құтқару жабдықтарымен танысты. Экскурсияға қатысушылар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың күнделікті тыныс-тіршілігі, олардың өрт сөндіру және төтенше жағдайларды жою кезіндегі ерлік істері туралы ақпараттарға қанық болды. Тілсіз жаумен алысуға, үйіндінің астында қалған зардап шегішуге жәрдем беруге, күрделі орындарға жетуге септігін тигізетін өрт сөндіру техникасы мен құтқару жабдықтарының көрсетілімі балалардың қызығушылықтарын арттырды. Барлық құтқару техникаларын тамашалаған демалушылар, өз кезегінде түрлі сипаттағы құтқару жабдықтары мен өрттен қорғау жарақтарын және қорғау каскаларын аса бір қызығушылықпен киіп көрді.Сонымен қатар қаламыздағы балаларға арналған  «МиккиХаус» ойын-сауық орталығына барып демалыстарын жалғастырды. Ойын-сауық орталығында әр-түрлі ойындар ойнап қайтты.