«Егемен елдің бесігі!»

«Егемен елдің бесігі!»

04.06.2019 ж күні «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушыларының демалысын тиімді, әрі қызықты  өткізу мақсатында «Егемен елдің бесігі!»,«Балқаш тарихи-өлкетану мұражайына саяхат» және «Жол ережелерімен таныстыру» тақырыбында  танымдық сабақтарұйымдастырды.

   Бүгін әдеттегідей ерте келіп, оқушыларды күтіп алдық. Жаттығуымызды жасап, таңғы асымызды ішіп болған соң, балалармен жоспар бойынша іс – шаралар өтілді.

   «Достық» тобы демалушылардың демалысын тиімді, әрі қызықты  өткізу мақсатында «Оқушылар сарайы» ұйымдастырған «Рәміздер – елдігімнің белгісі» танымдық ойынға қатысты. «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушылары ІІ орынмен марапатталды.

  Оқушылармен Балқаш тарихи-өлкетану мұражайына саяхаттадық, уақыттарын тиімді, әрі көңілді өткізе алдық.  Іс-шараларға  «Достық»» тобының барлық балалары белсене қатысты.