2023 жылғы 13 қыркүйекте Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№ 10 жалпы білім беретін мектебі» КММ қауіпсіздік негіздері бойынша мектеп педагогтеріне арналған оқыту семинар-тренингі өтті.

2023 жылғы 13 қыркүйекте Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№ 10 жалпы білім беретін мектебі» КММ қауіпсіздік негіздері бойынша мектеп педагогтеріне арналған оқыту семинар-тренингі өтті. Оқытуды «Қызыл жарты ай» қоғамының және «Жақсылық әлемі» ҚБ алғашқы көмек көрсету бойынша жаттықтырушысы В.П. Стариковажүргізді. Семинарды Қарағанды облысының білім басқармасы ұйымдастырды. Жаттықтырушы мектеп ұжымын қол жетімді және кәсіби түрде шұғыл жағдайларда алғашқы көмек көрсету бойынша теориялық материалмен таныстырды және іс жүзінде макеттер мен импровизацияланған материалдарды қолдана отырып, қажетті әрекеттерді көрсетті. Семинар-тренинг барысында жүрек-өкпе реанимациясы, қан кету мен күйіктің әртүрлі түрлеріне алғашқы көмек көрсету мәселелері қаралды. Жаттықтырушы мұғалімдердің мектептегі балаларға алғашқы көмек көрсетуге қатысты сұрақтарына жауап берді. Оқыту семинарының қорытындысы бойынша педагогтар тиісті сертификаттар алды.