Дүние жүзілік балалар күнінің қарсаңында «Адамның құқығы балалық шақтан басталады» тақырыбындағы тәрбие сағаты ақпараты

Дүние жүзілік балалар күнінің қарсаңында  «Адамның құқығы балалық шақтан басталады» тақырыбындағы  тәрбие сағаты ақпараты
1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы барлық елдерге бейбіт бауырластық күні ретінде, сондай-ақ бүтін әлемдегі балалардың есен-саулығы мен олардың өзара түсіністігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуді өмірге енгізуді ұсынды.БҰҰ ел үкіметтеріне бұл күнді өз қалаулары бойынша кез келген датада атап өтуді ұсынды. Ал 1959 жылдың 20 қарашасы күні Ассамблея Бала құқықтары жөніндегі декларацияны және 1989 жылы дәл осы күні Балалар құқықтары туралы конвенцияны қабылдады. Дүние жүзілік балалар күнінің қарсаңында 7ә сыныбының сынып жетекшісі Ш.Жакупбекова «Адамның құқығы балалық шақтан басталады» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатына мектеп директоры Д.Жолдасова, «Мейірім» аналар ұйымы, Қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты.Сабақ барысында оқушыларға олардың құқығын қорғау – егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі екенін, сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек екендігі жайында айтылды.Оқушылар өз ойларын ортаға салып, бір- біріне деген жылы лебіздерін білдірді.
Дата: 13.11.2019, 17:46 Автор: №9 ОМ