Мектебінің күзгі демалыс уақытында өткізілген іс-шаралар ақпараты.

 Мектебінің күзгі демалыс уақытында өткізілген  іс-шаралар ақпараты.
Сабақтан тыс жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында күзгі демалыс уақытындағы іс-шаралар жоспары құрылып, жоспарға сай жұмыстар атқарылды. Күнделікті жоспарға сай үйірме, спорт секциялары және 10,11 сыныптарына эмтиханға дайындық жұмыстары жүргізілді. Қиындық тудыратын оқушылармен психолог треннинг жаттығуларын жүргізді және олар спорттық шараларға тартылды. 28.10.19 жылы 1-2 сыныптар арасында «Рухани жаңғыру-Қазақстанның үшінші жаңғыру кезеңі.Отан неден басталады?» тақырыбында сайыс өтті. Мақсатым:Қазақстанның тарихымен таныстыра отырып,түрлі тапсырмалар орындап ой бөліседі,Қазақстанның үшінші жаңғыруы туралы мәлімет беру.Сайыс барысында 4 сынып оқушылары топпен жұмыс жасады.Кіріспе бөлімінде психологиялық ахуал тудырдым. Бәріміз шеңбер құрып бір-бірімізге жақсы тілек айтып алдық. «Кластер» әдісінде Отан туралы білетіндерін айтты.Мақал жарысы кезіңде әр топ оқушылары Отан,туған жер,ел туралы мақалдар айтып жарысты. «Жоғалған сөзді тап»ойынында оқушылар берілген мақалдардың жалғасын тауып айтты. 29.10.2019 күні «Жаһандық заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыбында іс – шара өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты болашақ жастарға Қазақстанның өркендеп дамуын латын әліпбиі туралы мағлұмат берілді. Қазақ қоғамы сөз жоқ, жаңа тарихи кезеңге аяқ басып отыр. Саяси-экономикалық жаңғырулармен қатар, ел өмірінде өзге де елеулі оң өзгерістер орын алғанын айтып өттім. Сонымен қатар, мектебіміздің «Өлкетану» мұражайымен таныстырдым. Мұражайымыздың 3 кезеңнен тұратынын, әр кезеңге жеке-жеке тоқталып өттім. Осы іс-шара арқылы оқушыларға патриоттық сезіммен қоса, Отан алдында от кешкен ардагер азаматтарымызды айтып өттім . Оқушылар өте жақсы әсер алды деп ойлаймын. 30.10. күні «Сен де оқы, мен де оқимын » жобасы аясында 2-3 сыныптар арасында іс- шара өтті. Бұл іс- шараның мақсаты бастауыш сынып оқушыларының арасында оқырман қызығушылығы мен оқу сауттылығын дамыту, яғни оқушыларды кітап оқуға шақыру. «Работотехника » 7-8 сыныптар арасында үйірме жұмыстары жүргізілді.Спорт – іс шаралар 5-6 сыныптар арасында өтті.
Дата: 29.10.2019, 16:29 Автор: №9 ОМ