«9 мамыр – Желбірейді Жеңіс туы!» атты ашық жиын ақпараты

«9 мамыр – Желбірейді Жеңіс туы!» атты ашық  жиын ақпараты

Мектебімізде 8 мамыр күні оқушыларға «9 мамыр – Желбірейді Жеңіс туы!» атты ашық жиын ұйымдастырылды. Тарих үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар бар. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымызбен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашанда ұмытпақ емес. Мерекелік шараға 5ә сыныбының үгіт - насихат тобы   2-4 сыныбының «Шабыт»  атты вокалымен жалғасты. Сыныптарда   «Сен де ардақта, бұл мейрамды жас ұрпақ!», «Отан қорғау- ердің ісі» тақырыптарында  сынып сағаттары өтті.

Дата: 8.05.2019, 14:38 Автор: №9 ОМ