1-мамыр мерекесінің өткізілгені туралы ақпар

1-мамыр мерекесінің  өткізілгені туралы ақпар

  Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 2017 жылдың 24 -27 сәуірі  аралығында  іс шаралар жоспарланып өткізілді. Жоспар бойынша  мектептің  1-қабатында  тақырыптық  стендтер  безендірілді. Кітапхана жұмыскерлері  оқушылардың  достық, бірлік  туралы  түсініктерін кеңейту мақсатында   «Ынтымақты елді ырысы мол» тақырыбында   кітап көрмесін  ұйымдастырды. Барлық сыныптарда «Көп ұлтты тату елім Қазақстан»  тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 7-8 сыныптар арасында қазақ тілі пәні  «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем-Қазақстан» тақырыбында шығармалар жазды. Ерімбетов Т. Шабленова М. ұйымдастыруымен  «Ұлт бірлігі-ұлт байлық»  тақырыбында этномәдени орталықтары өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. 27-сәуір күні  1-мамыр  Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған     арналған   «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін»  атты  салтанатты жиын өткізілді.