«Армысың,Әз-Наурыз!» іс-шарасы өткізілгені туралы ақпар

«Армысың,Әз-Наурыз!»  іс-шарасы өткізілгені туралы ақпар

   2017 жылдың 20-наурыз күні жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 1-4, 5-7, 8-11-сыныптар арасында  мерекелік іс-шаралар өткізілді.  Мереке қарсаңында   "Наурыз – жыл басы", "Жаса, жаса жаңа күн!" ақпараттық стендттерде бұл мейрамның адамдар өмірінде алатын орны, оған дайындалу ережесі мен өткізілуі туралы жазылды. 2-4 сынып оқушыларының  арасында  ұлттық нақышта «Ата мен немере»  сайысы өткізілді.  Жоғары сынып оқушыларына арнап  «Армысың, Әз Наурыз»   мерекелік  бағдарламасы өткізілді. Барлық сыныптар белсенді қатысып,  өз өнерлерін көрсетіп,  ұлттық киімдерін киіп келді. Балалар тек мейрам туралы ғана айтып қойған жоқ, барша азаматқа  жақсылық пен көктей көгеріп-өсе беруді тіледі. Сынып оқушылары «Сауын айту», «Сүйінші», «Байғазы беру»сияқты дәстүрлерден көріністер көрсетті.  Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қауімі оқушыларға осындай үлкен іс-шараға белсенді қатысқан үшін алғыс білдірді.  «Наурыз-думан,  наурыз –ән»  атты сынып сағаттар өтті. Сонымен қатар, 5-7-сыныптарда  қазақ халқының ұлттық ойындары ойналып,  арқан тарту,асық ойнау ұйымдастырылды.
  Наурыз мерекесіне арналған қолөнершілер жәрмеңкесі және «Ұлыдан қалған мол мұра» атты тақырыпта 5-10 сыныптар арасында технология пәні мұғалімі Жексембаева А.А көрме ұйымдастырды.