Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 2015 жылдың 26-қыркүйегінде қала күніне орай өткізілген іс-шаралар туралы ақпар

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 2015 жылдың  26-қыркүйегінде қала  күніне  орай  өткізілген  іс-шаралар туралы ақпар

  Мектебімізде  қала  күніне  орай  26.09 күні мерекелік  іс-шаралар  өткізілді. Қаламыздың туған күнін атап  өту мақсатында салтанатты  лездеме өткізілді. Жиынға қонақ ретінде  қаламыздың  құрметті азаматы  Мұсатаев  Сәбит  Ағаділханұлы  қатыстырылды.  Жылдағы әдетінен жаңылмай биыл да қала күні өз дәрежесінде аталып өтті. Қала  күніне байланысты технология  пәнінің  мұғалімдерінің  жетекшілігімен 3-қабатта  қолөнер  жәрмеңкесі  ұйымдастырылды. Ондағы мақсат  оқушылардың  қолынан шыққан  қолөнерлерді  көрсету болды. 8-9 сынып   оқушыларының арасында  флешмоб  ұйымдастырылып, көңіл көтерілсе, қазақ тілінің  мұғалімдері  Жұмабаева М.К. мен Артықбаева А.Ө қаламызды мақтан ету, балалардың  сүйіспеншілігін арттыру  мақсатында  «Нұрлы Балқаш-нұрлы өңір» атты  9-10 сынып оқушыларымен мәнерлеп оқу сайысын  өткізді. Оқушылар жерлес ақындарымыздың өлеңдерін  паш етті. Қала күніне арналған іс-шаралар легі мектептің  спорт алаңдарында «Жеңісіміз саған арналады, Балқаш!» атты түрлі спорттық жарыстармен  және  3-4 сынып оқышыларының  асфальтта сурет салу  сайысымен  жалғасты.