2015-2016 оқу жылындағы «1 қыркүйек- білім күніне» арналған салтанатты жиынның өтілуі туралы ақпарат

2015-2016 оқу жылындағы «1 қыркүйек- білім күніне» арналған салтанатты жиынның өтілуі туралы ақпарат

   Жанымызды жадыраталық алтын күздің бірінші айында оқушылар "Білім күні" мерекесіне №8 орта мектепке жиналды.Білім ордасы қайтадан балғын бүлдіршіндердің думанды базарына айналды.
  Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  «1 қыркүйек- білім күніне» арналған салтанатты жиын    өтті.  Жиынға  1,9,10,11 сынып оқушылары және кадет сыныптары қатысты.  Алғашқы қоңырау мерекесіне  қала әкімінің орынбасары Жақсылықова Саягүл Жақсылыққызы,  қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары  Қуанышбаев А.К. қатысты.   Оқушыларды  Мерекеде 11 сынып оқушылары мен мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған 1 сынып бүлдіршіндер ерекше аталып өтті. Бүлдіршіндер мектепке арнаған тақпақтарын айтып, ал 11 сынып оқушылары ата-аналарға, ұстаздар қауымына, оқушыларға және кішкентай бүлдіршіндерге тілектерін айтты. Жиында мектебіміздің жас таланттары ән айтып, би биледі. Мектеп табалдығын  аттаған  жас бүлдіршіндерге ақ тілек  тілеп  мектепке  шығарып салды. Жиыннан соң сынып жетекшілер оқушылармен тәрбие сағаттарын өткізді.Мектебімізге келген  қала әкімінің  орынбасары Жақсылықова Саягүл Жақсылыққызы кадет сыныптарымен және  11- сынып  оқушыларымен  патриоттық сабақ өткізді. Сабақ соңында  оқушылар  көкейіндегі  сұрақтарына  жауап алып жатты.
   Бүгінгі  мереке  жас мамандар үшін  жаңа жұмыс күні болып сипатталса, ата-аналар  мен  оқушылар үшін  ұмытылмас   қуанышты  сәттерінің  бірі  болды.