"Кәсібилік, инновация, шығармашылық-сапалы білім негізі" атты Ғылыми-практикалық конференция

18.04.2014 ж. Қарағанды қаласында "Кәсібилік, инновация, шығармашылық-сапалы білім негізі" атты облыстық Ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Балқаш қаласынан ЖББ №8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рысқұл Әсем Қайдарқызы "Сөз әдебі" атты авторлық бағдарламасын қорғап, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектеп ұжымы Рысқұл Әсем Қайдарқызын жеңісімен құттықтады.