Кәсіби бағдар

Кәсіби бағдар

02.04.2014 жылы жалпы білім беретін №8 орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінің мұғалімдері ақпараттық жұмыстар жүргізді. Колледждің дамуының басым бағыттарымен, негізгі мамандықтармен таныстырып, оның маңыздылығымен, оқуға қажет құжаттармен, қабылдау мерзімімен  таныстырып өтті.Түрлі өткізілетін сайыстар,олимпиадалар ғылыми жұмыстар шартымен таныстырып шықты.Осы күні сонымен қатар Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің де өкілдері де келді.Оқыту бюджет негізінде 9-11 сыныптар базасында және ақылы негізінде күндізгі,сырттай бөлімдерде оқылатын мамандықтар бойынша ақпарат берді.Колледждің оқу материалдық базасымен таныстырды.