2020 жылдың 22 сәуірі күні Балқаш қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "Қашықтықтан оқыту жағдайында жаратылыстану, қазақ тілі сабақтарында оқу тапсырмаларын тиімді ұйымдастыру" тақырыбында онла

2020 жылдың 22 сәуірі күні Балқаш қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "Қашықтықтан оқыту жағдайында жаратылыстану, қазақ тілі сабақтарында оқу тапсырмаларын тиімді ұйымдастыру" тақырыбында онлайн семинар болып өтті. Семинар №8 орта мектептің бастауыш әдістемелік бірлестігі мүшелері: Рысқұл Ә.Қ., Динахметова Г.А., Рыскулова С.Х., және Несипбаева Меруерт мұғалімдердің ұйымдастыруымен өткізілді. Тақырыпқа сай Рыскулова Сымбат мұғалім "bandicam" бағдарламасы арқылы бейнесабақтың жасалу жолдарын көрсете отырып жасаған бірнеше бейнесабағымен бөлісті. Қазіргі ҚО жағдайында оқушылар бірнеше платформа арқылы және "Балапан" телеарнасы арқылы жүріп жатқан сабақтар арқылы білім алуда, алайда осы орайда мұғалім бейнесабақтың оқушыға тиімділігін атап өте, әр оқушы өзінің үйренген мұғалімінің дауысымен түсірілген сабақты тез түсініп алатынын айтып өтті. Түсірілген бейнесабақ бойынша берілетін оқу тапсырмаларына кері байланыс жасау жолдарын көрсетіп өтті. Қажетті материалдың сілтемелері ұсынылды. Динахметова Г.А. Дарын НИШ бағдарламасы арқылы жаратылыстану пәнінде практикалық жұмысты қалай жасауға болатынын көрсетіп өтті. Бұл бағдарлама оқушыны тақырыпқа қызықтыра отырып практикалық жұмысты өз бетімен жасауға баулитынын алға тартты. Мұғалім ватсап желісі арқылы оқушыларынан кері байланыс ретінде түсірілген бірнеше бейнебаяндарынмен бөлісті. Меруерт Несипбаева GOOGLE диск бағдарламасы арқылы тест құрастыру, ата-аналардан сауалнама алу, өткен сабақты бекітуге арналған мәтін бойынша тапсырмалар мен сұрақтар құрастыру жолдарын көрсетті. Тиімділігі оқушы өзінің қатесін бірден көре алатыны, қатемен жұмыс жасай алатыны, ата-ана тарапынан баласының білім деңгейін саралай алатыны және мұғалім ретінде оқушылардың жұмыстарына жалпы және жекелей талдау жасауға болатыны көрсетілді. Жалпы семинар өте өнімді, пайдалы болды. Әріптестерімізге рақмет!
#балқашбілім #школадома #бізбіргеміз