«Көктем аруы-2020»

Мектебімізде 8-наурыз қыздар күніне орай 8-10 сынып қыздарының арасында «Көктем аруы-2020» қыз сыны байқауы болды.Мақсаты: Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Байқаудың шарттары: «Мен қазақтың қызымын» таныстыру. «Қыз еркем –өнерімен көркем» (Өз өнерлерін көрсету) «Қыз көркі – шаш» – сайыстың бұл кезеңінде арулар шаш өру түрлері мен халықтық тәсілмен күтуге байланысты жарнама жасайды. «Іші – алтын, сырты – күміс сөз төресі».Байқауға 8-ару қатысты. Арулардың ішінен топ жарып ,8 «Б» сынып оқушысы Омарова Назерке «Көктем Аруы-2020» жеңіп алды. Қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.Жеңімпаздар алғыс хат және сыйлықтар берілді.