«Жылы лебіз жан тебірентер»

Мектебімізде «Алғыс айту » күніне орай көптеген шаралар өтті. «Жылы лебіз жан тебірентер» атты тақырыпта 1-11 сыныптар арасында сынып жетекшілерімен бірге алғыс айту, мейірімділік , парыз, адамгершілік тақырыптары талқыға түсіп, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Тәрбиелік мәні зор сабақтар көрсетілді.«Шын көңілден, мың алғыс » атты тақырыпта акцияға барлық мектеп оқушылары қатысып, мектеп ұжымына, сыныптастарына , достарына өздерінің жүрек жарды тілектерін жазып, алғыс білдірді.«Алғыс айту парызым » атты тақырыпта саптық жиындарда үгіт насихат топтары өз көрсетілімдерін қойды. «Жас Ұлан » ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Ата –анам –алтын тұғырым » атты алғыс білдіру акциясы өтті. Алғыс айту күнін қортындылау мақсатында мектебіміздің оқушыларымен флешмоб ұйымдастырылды.Ерекше мейрам аясында барлық балаларымыз белсене ат салысты.