«Ең үздік сынып бұрышы» байқауы комиссисының отырысының Хаттамасы

«Ең үздік сынып бұрышы» байқауы  комиссисының отырысының

Хаттамасы №1

  Қатысқаны: 5                                                                           Күні:  23.12.2019ж.

 Комиссия төрайымы – мектеп директоры   А.Т.Токейбекова

  Мүшелері:

  1. Жетпісбаева Ж.Қ.-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
  2. Алпысбаева А.С.- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  3. Әлкей Т.Б.- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
  4. Бакирова Г.М.-сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі

 

Күн тәртібінде:

  1.  «Ең үздік сынып бұрышы байқауының» І кезеңін қорытындысы

 

       Тыңдалды:

      Комиссия мүшелері сынып бұрыштарына қорытынды жасады.

 Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  А.Алпысбаева  сөйледі.

-барлық сынып жетекшілерге «Сынып бұрышы байқауының» ережесі алдын ала берілген болатын. Соның нәтижесін бүгін көрдік. Кейбір сыныптар байқауға дайын еместігі анықталды. Оларға кемшіліктері айтылды.

Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Бакирова Г.М. сөйледі.

 Барлық сынып бұрыштарын тексере келе ең жақсы, талапқа сай келеді деген сынып бұрыштарын ІІ кезеңге ұсынамын. Олар 1А,3Ә,4А,5Ә,8В,10Ә сыныптарының сынып бұрыштары

      Жиналыс соңында төмендегідей қаулы қабылданды.

Қаулы:

  1.  І кезеңнен өткен 1А,3Ә,4А,5Ә,8В,10Ә сыныптарының сынып бұрыштары мектепішілік ІІ кезеңге  өткізілсін.
  2. Мектепшілік ІІ кезеңге сынып жетекшілер жауапкершілікпен дайындалсын.      

 

 

 

«Ең үздік сынып бұрышы» байқауы  комиссисының отырысының

                                                Хаттамасы №2

 Қатысқаны: 5                                                                                     Күні: 06.01.2020ж

 Комиссия төрайымы – мектеп директоры   А.Т.Токейбекова

  Мүшелері:

  1. Жетпісбаева Ж.Қ.-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
  2. Алпысбаева А.С.-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  3. Әлкей Т.Б.-директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
  4. Бакирова Г.М.-сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі

 

Күн тәртібінде:

  1. ІІ кезеңге өткен 1А,3Ә,4А, 5Ә,8В,10Ә сыныптарының  сынып бұрыштарын қорғау .   Сынып жетекшілері
  2.  «Ең үздік сынып бұрышы» байқауының ІІ кезеңінің қорытындысы

      Тыңдалды:

     Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшілер  өз сынып бұрыштарын қорғады. Сынып бұрыштарындағы материалдармен, мәліметтермен таныстырды.

  Екінші кезекте комиссия мүшелері сынып бұрыштарына қорытынды жасады.

   Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Бакирова Г.М. сөйледі.

-Сынып бұрышы - бұл сынып ұжым  өмірінің тәсілдің бірі және оның жалпы мектеп қызметіне қатысуы. ІІ кезеңге ұсынылған 6 сынып бұрыштарының  ішінде ең жақсы үздік,  ережеге сәйкес   барлық мәліметтер бойынша толық ақпарат берген 1А сыныбының сынып бұрышы ұнады. Талапқа сай жасалған.  толықтырылған. Мен қалалық байқауға 1А сыныбының сынып бұрышын ұсынамын.

      Жиналыс соңында төмендегідей қаулы қабылданды.

Қаулы:

  1. «Ең үздік сынып бұрышы»  байқауының жеңімпазы 1А сыныбы (сынып жетекшісі Рысқұл Ә.Қ.)  І орынмен  марапатталып,  қалалық «Ең үздік сынып бұрышы» байқауына қатыстырылсын.