«CLIL оқыту әдістемесі» тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту

«CLIL оқыту әдістемесі» тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту.
«Балқаш қаласының жалпы білім беретін №8 орта мектебі» -де мектеп ұстаздарына арналған «CLIL оқыту әдістемесі» тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту бойынша тәжірибе алмасу семинары ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты: жаратылыстану пәндері және орыс, ағылшын тілдері мұғалімдерінің сабақта пайдаланып жүрген CLIL оқыту әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасу. Семинарда өз тәжірибелерімен бөліскен ағылшын тілі пәні мұғалімі А.С. Оспанова мен биология пәні мұғалімі С.А.Мустафина.
Елбасы Н.Назарбаев : «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», — деген болатын. Осы бағдарламаны іске асыру мақсатында оқушыларға сапалы білім беруде жаратылыстану пәндерін үштілде оқыту жүзеге асырылуда. Жаратылыстану пәндері мұғалімдері тіл мен пәнді кіріктіріп оқытуда мектептегі ағылшын, орыспәні мұғалімдерімен тығыз жұмыс жүргізіп отыр. Дөңгелек үстел барысында мұғалімдер өз сабақтарында пайдаланып жүрген CLIL оқыту әдістемесінің «Run and find», «Find words» тағы сол сияқты әдіс-тәсілдерімен бөлісе отырып,мұғалімдер белсенді түрде практикалық түрде тәжірибе алмасты. Семинар өте тартымды өтті. Мектеп мұғалімдері «SWOT» талдау жасап, өз ойларымен бөлісті. Басқа да пән мұғалімдері өздерінің сабақта пайланып жүрген әдіс-тәсілдері туралы ойларымен бөлісті.
Дөңгелек үстел соңында пән мұғалімдері,орыс және ағалшын тілінде метапәндік сабақтастық орнатуды ұсынды.

На изображении может находиться: один или несколько человек, экран и в помещении

На изображении может находиться: 1 человек, сидит и в помещенииНа изображении может находиться: 1 человек, сидит