Размер шрифта:

Рухани келісім күні

Жыл сайын 18-қазан күні елімізде Рухани келісім күні атап өтіледі. Бұл атаулы күн 1992 жылдың 18-қазанында Алматыда тұңғыш президент Н.Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші Бүкіләлімдік рухани келісім конгресі өткен күннен басталады. 17 қазан күні ЖББ №8 қазақ орта мектебінің дебат үйірмесінің қатысушылары «Рухани келісім» күніне орай діни ағымдар туралы дебат сайысы өткізілді.
Оқушылар діни ағымдар туралы ойларымен бөлісіп, екі топ пікір таластырды.
Дебат барысында, қазіргі таңда түрлі этностар мен дінге жататын адамдарды біріктіруге қабілетті рухани құндылықтарды бекіту тұрақты күш-жігерді, әрі түрлі елдердің діни көшбасшылары, ғалымдары, мәдениет және өнер қайраткерлері тарапынан үнемі назарды қажет ететіні және қажет етпейтіні туралы пікірлерін ортаға салды.
11 сынып оқушыларымен «Рухани келісім» күніне орай діни ағымдар туралы әңгіме сағаты өткізілді.
Оқушыларға діни ағымдар туралы тарих пәнінің мұғалімі Жакупова З.М. біршама мағлұмат берді.
Көп ұлтты қазақ елінде тәту-тәтті , бірлікте өмір сүру. «Біз көп ұлтты еліміз» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа 5-7 сынып арасында
10 оқушы қатысты. Оқушылар қазақ және орыс тілдерінде достық , бірлік тақырыбындағы өлендерді мәнерлеп оқыды. Қатысушылар арасында келесі оқушылар марапатталды:
1. Жумағазы Аңсаған 6А
2. Ақыш Нурали 6Ә
3. Төрегелді Алмира 5А
4. Сембек Амина 7В
5. Нүрділда Аслан 6Ә
6. Срауханова Аяулым 7А
7. Серикбол Аделя 5А.
Сонымен қатар, шараға байланысты ақпараттық стенд безендіріліп, сурет көрмесі ұйымдастырылды.
На изображении может находиться: 1 человек, сидит, стол и в помещении
На изображении может находиться: 1 человек, стоит
На изображении может находиться: 3 человека, люди стоят и в помещении
Нет описания фото.