Кездесу

ЖББ №8 орта мектебі 17-қазан күні оқушылар сарайында Н. Назарбаев университетінің өкілдерімен кездесіп қайтты. Университетінің өкілі Байжигитова Мадина ең алғаш университеттің ірге тасы қай уақытта қаланғанын, университетке ең үздік ұлттық және халықаралық зерттеушілер шақырылғаны , шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғанын айтты. Сонымен қатар қандай мамандықтардықтардың бар екенін, жатаханасы, асханасы туралы толық мағлұмат берді.
Назарбаев Университетіне түскісі келетіндерге ең алдымен университеттің сайтымен танысуға кеңес берді. Сайтта бағдарламалар бойынша барлық талаптар мен түсу мерзімі көрсетілген. Кездесу соңынан оқушыларға алдын-ала көрсетілген университет туралы видеороликтердегі мағлұматтар бойынша сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген оқушыларға сыйлықтар берді.  

На изображении может находиться: 9 человек, люди улыбаются, люди стоят и в помещении

 

На изображении может находиться: 23 человека, люди улыбаются, толпа и в помещении