Кездесу

2019 жылдың қазан айының 17-сі күні мектебімізlе «Балқаш қаласының конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығының» теолог маманы Сейтқали Әбдіқадыр Давидұлы және психолог маман Жанабергенова Жұлдыз Хабибулловна 8-сынып оқушылармен кездесіп әңгіме жүргізді.
Мақсаты:Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
Алғашқы сөзді теолог маман Сейтқали Ә.Д алды. Оқушыларға экстремизм жайында түсінік берді. Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.
Психолог маман оқушылармен әртүрлі ойындар ұйымдастырып, жат пиғылды адамдардың алдауына, жат ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінбеу жодарын көрсетіп, түсіндірді.

На изображении может находиться: 1 человек, сидит, гостиная и в помещении