Құқық бұзушылықтың алдын алу

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады.
2019 жылдың 20-қыркүйек күні жоғары сынып оқушылары арасында мектеп инспекторы К.Ж. Жандыгуловпен және мектептің әкелер кеңесінің төрағасы М.Қ.Джуматаевпен кездесу болып өтті.
Кәмелет жасқа толмағандарға сағат 22:00-ден 06:00-ға дейін заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орталықтарына баруға тыйым салынады. Заң бұзылған жағдайда ата-анасына айыппұл салынады.ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 442-бабының 3 бөлігі бойынша айыппұл ойын-сауық мекемелерін де айналып өтпейді. Балалардың үлкендердің қарауынсыз ойын-сауық орталығында болуына жол бергені үшін айыппұл салу көзделген.Кәмелетке толмағандар сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ға дейін заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүрсе, бірінші ретте ата-анасына жазбаша ескерту жасалады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – заңды өкілдеріне айыппұл салуға әкеп соғады. Егер кәмелет жасына толмағандар құқық бұзушылық әрекетті жылына 2 рет қайталаса, жергілікті ішкі істер бөліміне тіркеуге алынып, 18 жасқа дейін есепте тұрады.Бұдан бөлек жасөспірімнің алькоголді ішімдік ішкені анықталса, наркологиялық орталыққа 4 айға есепке алынады.
Бүгінгі оқушы – ертеңгі маман. Елдің дамуы мен ілгері жылжуына кішкене болсын өз үлесін қосам деуші әрбір саналы ұрпақ сол жолда сапалы білім нәрімен сусындауы қажет.

На изображении может находиться: один или несколько человек, люди сидят, гостиная и в помещенииНа изображении может находиться: 22 человека, люди стоят, костюм и свадьбаНа изображении может находиться: 9 человек, люди сидят и в помещении

Дата: 20.09.2019, 15:38 Автор: №8 ОМ