« 9 сынып түлектеріне куәлік беру салтанатты жиынының » ақпары

 « 9 сынып түлектеріне куәлік беру салтанатты жиынының »  ақпары

2019 жылдың 13 маусым күні мектебімізде 9 сынып бітіруші түлектердің куәлік беру салатанатты жиыны өтті. Жиын мекебіміздің "Шабыт би" үйірмесінің қатысушыларының орындауындағы қазақ биімен басталды.Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалғаннан соң, мектеп директоры  А.Токейбековаға құттықтау сөзі берілді. "Жас құтқарушы" облыстық олимпиадасында және спорттық ойындарда өзін жоғары деңгейде көрсеткен "Ұлан" сыныптарына мақтау қағаздары табысталды. Түлектердің куәліктерін табыстау – мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Б. Әлкейге берілді. Жиын соңында құттықтау сөз үздік куәлік иегері Мұқаметқали Әлібектің әкесі А. Қасымбековке берілді. Жиынның соңы мектебіміздің әнші қыздарының "Қош бол, мектебім!" әнімен аяқталды.

Дата: 14.06.2019, 10:53 Автор: №8 ОМ