"Ақ жол саған жас түлек!" 11 сынып бітіруші түлектерге аттестат беру рәсімі

2019 жылдың 12 маусым күні мектебімізде 11 сынып бітіруші түлектерімізге "Ақ жол саған жас түлек!" атты аттестат беру рәсімі өтті. Биылғы жылы мектебімізді 21 түлек аяқтап, соның бірі Оңғарсын Малика үздік аттестатқа бітірді. Алтын ұясынан ұшқалы отырған жас түлектерімізді ортаға шақырып мектеп директоры А. Токейбекова түлектерге ізгі тілегін білдірді. 11 жыл бойы көрсеткен көрсеткіштерінің нәтижесі ретінде 10 оқушы ерекше қабілетімен көзге түсіп, пәндер бойынша мақтау қағаздарымен марапатталды. Мектебіміздің күміс көмей әнші қыздары мен ұлдары мектеп бітіруші түлектерге арнап "Соңғы қоңырау" "Мерекелеріңізбен!" "Қош бол, мектебім!" әнін орындады. Түлектерге аттестат тапсыру – мектеп директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары Т.Б. Әлкейге берілді. Мектеп бітіруші оқушылардың ата- аналар атынан М.Б. Шабленоваға құттықтау сөзі берілді. Салтанатты рәсімнің соңы түлектеріміздің ұлағатты ұстаздары мен аяулы ата- аналарына арналған әндерімен және "Соңғы Вальс" биімен ақталды.