«Сыңғырла,соңғы қоңырау!»

«Сыңғырла,соңғы қоңырау!»

       2018-2019 оқу жылының 25-мамыр күні 11- сынып түлектерінің мектеп бітіру  кеші  өткізілді. ЖББ №8 орта мектебінде 11-сыныпты биылғы жылы  21 түлек аяқтап отыр. Салтанатты  жиынның  қонағы болып, қалалық әкімдіктің экономика бөлімі басшысының орынбасары Тлеубекова Ж.М жене қаламыздағы медициналық колледж директоры, мәжіліс депутаты Пшенбаев С.Р қатысып,  мектеп түлектеріне  мерекелік құттықтауларын жолдады.

       Мектеп директоры А.Т.Токейбекованың құттықтау сөзінен кейін, келген қонақтар ел болашағы-жастарға оң сапар, ҰБТ сынағында сәттілік тіледі.Соңынан ата-аналар  атынан Момбекова З.Ж құттықтау сөз алды.  Жас түлектерге арналған 1-сынып  оқушыларының  ән-билеріне  көрермендер ризашылық білдірді.11-сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетіп,  11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан қоңырау үні түлектер үшін соңғы рет соғылды. 

          Салтанатты жиын соңында түлектердің қонақтармен, ұстаздармен естелік фотоға түсіру рәсімімен аяқталды