9"Ә" «Ұлан» сыныбының соңғы қоңырау салтанатты жиыны

9

2019 жылдың 21 мамыр күні 9"Ә" «Ұлан» сыныбының соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Жиынды 11 сынып оқушысы Болатбек Ернұр мен Полукарова Ольга жүргізді. Соңғы қоңырау  мектеп директоры А. Токейбекованың құттықтау сөзімен басталды. Ұлан сыныптарын құттықтауға: №31765 ,  №53898, №44803-Б  әскери бөлімдерінің офицерлері, «Боевое братсво» ұйымының төрағасы Мұқамедиев Бауыржан Мейірханұлы арнайы шақыртылды. Ұландар сыныптарының туымен қоштасу:оқу озаты Сагимбеков Диасқа берілді.Мектеп бітіруші ұландар қонақтарға арнап дефиле көрсетті. Ал 5Ә сынып "Тәуелсіз елдің ұланы" атты ән шырқаса, 6Ә сынып «Ұландар биін» биледі. 8 қырлы 1 сырлы «Ұлан» сыныбының жігіттері бар өнерлерін көрсетіп, қонақтар мен ата-аналарының көңілін көтерді. 9 "Ә" сыныбына  2014-2019 жылдар аралығында «Ұлан» сыныбында білім алып, арнайы бағдарламаларды меңгергені үшін арнайы сертификаттар табысталды.