«Қыз тәрбиесі болашақ ұл тәрбиесі»атты кездесу өткізілгені туралы ақпар
«Қыз тәрбиесі болашақ ұл тәрбиесі»атты кездесу өткізілгені туралы ақпар
2018-2019 оқу жылының 19-шы қазаны күні қыздарды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу, өмірге деген көзқарастарын мағыналы түрде аша білуге және аналардың қыздар тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру мақсатында қыздармен кездесу өткізілді. Қыздар үшін қыз балалардың мінез – құлқы, әдет – дағдылары, ой өрісі мен мәдениеті, білімі мен инабаттылық болмысы, талабы мен талғамы, денсаулығы, жақсы, жаман әдеттері және басқа қылықтары, т.б жайында алдын ала білу өте маңызды.
Аналар мектебінің төрайымы Бекзат Отарханқызы, №3 емхана психологы Супиянова А.Т, әлеуметтік ұстаз Мустапаева Ж және мектеп медбикесі Сатбекова М.К.қатысты. Бекзат Отарханқызы «Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі» атты тақырыпта мазмұнды баяндама оқыды. №3 емхана психологы қыздардың жас ерекшеліктеріне сай мектеп жасындағы жасөспірімдердің мінез- құлықтарындағы өзгерістер, адамгершілік тәрбиесі, оқушы этикасы жөнінде ақпарат берді. Мектеп медбикесі қыз балалардың гигиеналық тазалығы жөнінде айтты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қыздар арасында туындаған сұрақтарға жауап берді , мектеп жарғысын қатаң сақтауды ескертті. Қыздар өздеріне деген керек жауаптарын алғанын және де осындай жиналыс алдағы уақытта тағы да ұйымдастырылса екен деген тілектерін білдірді.