«Бүкіләлемдік қыздарды құрметтеу күні»

 «Бүкіләлемдік қыздарды құрметтеу күні»

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 04-11 қазан аралығында халықаралық қыздар күніне орай ұйымдастырыған іс-шаралар
2018 жылдың 04-11 қазан аралығында халықаралық қыздар күніне қыздардың құқықтарын мойындау, әлемдегі барлық қыздар ұшырасатын ауыр мәселелерді шешуге көмек қолын созу мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілді. Қыздар күніне арналған «Бүкіләлемдік қыздарды құрметтеу күні» тақырыбында сурет көрмесі өткізілді.
7Б сыныбында сынып жетекшісі Г.Айтқұлова «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Іс-шарада отбасындағы адамгершілік туралы, қыз бала тәрбиесінде ұл бала тәрбиесіне қарағанда біраз ерекшеліктердің бар екенін, отбасында еркелеп ұстап отырған қыздардың күні ертең бойжетіп өскен соң, өзге шаңырақтың түтінін түтетіп, ошағының отын жағатын әйел, ана болатынын туралы пікіралмасты. Сонымен қатар қыз баланың абыройына байланысты ырым-тыйымдар талданды. «Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ертеден келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз»- деп мұғалім іс-шарасын тамамдады.
9-сынып қыздарының арасында мектеп психологі З.Абдуалиева «Қыздар арасында» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Іс-шарада қыздардың құқығын таптауға байланысты мысалдар келтірді. Соңында қыз балалар, қысқаша амандасу рәсімін орындау, орынсыз еліктеп, ерсі киініп ерсіленбеу, әдепсіздік пен азғындық жолға баспау, қыз балаға тән өнер түрлерінің барлығын, үй шаруасын меңгеру, ұлдар мен ер азамматтар тәртібіне қыздар әдептілігінің зор ықпалы бар екенін дұрыс түсіну, үлкендердің алдын орағытып, жолын кеспеу, өтірік айтпауға шақырды.
05.10.2018 ж. күні 6-8 сынып оқушылары арасында «Қоғамдағы қыз-әйел ананың орны» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге қыз балалар қатысып, соған қоса мектеп медбибісі қонаққа шақырылды. Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Оқушылардың бойына тән тәлімдік қасиеттермен және бойында болып жатқан өзгерістермен таныстыру.
Дөңгелек үстел «Қыз бала ержеткенде» деп аталатын бейнефильм көруден басталды. Қыз балалар бейнефильмде көргендерін талдап, өз ойларын ортаға салды. Екінші кезекте «Өз ойыңды аяқта» ойыны ойналды.
Келесі кезекте «Жаңа ақпаратпен танысу» Оқушыларға сұрақ қойылды. Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулықты қалай түсінесің? Диспут жүргізілді.
«Жанұядағы қыз балалың қылығы» атты бейнефильмнен үзінді көрсетілді.

«Дені саудың - жаны сау» демекші салауатты өмір салтын ұстану жолдарын есте сақтау мақсатында қалалық №1 емхана қызметкерлерінің қатысуымен «Қыздарға кеңес»тақырыбында кездесу өткізілді.
«Қыз бала- дүниедегі әдемілік пен сұлулықтың тәңірісі» атты
8-9- сыныпр арасында А.Кемельбекова өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында татулық пен ауызбіршілікті, сұлулық пен әдемілікті қалыптастыру мақсатында флешмоб өткізді.
Сонымен қатар, шара барысында үзіліс арасында әлеуметтік видеороликтер көрсетіліп отырды.