Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің «Денсаулық сандарына жет!» атты денсаулық фестиваліне орай өткізілген іс-шаралар ақпары

        Мектебімізде 10.09.2018 жылы «Денсаулық сандарына жет!»денсаулық фестиваліне орай, іс-шаралар жоспарланып өткізілді.  Оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануын насихаттау, балалар  ауруларының алдын алу және олардың профилактикасы,  дене шынықтыру мәдениетіне көңіл бөлуге, жауапкершілікке, өзара көмек беруге және де өзара бір-біріне қолдау жасауға арналған қасиеттерді қалыптастырып,  олардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында спорттық іс-шаралар  өткізілді.

      Іс-шараны «Дені саудың рухы сау» ұранымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері ашып, оқушыларын спорт күнімен құттықтап, іс-шара қазақтың  ұлттық биі қара жорғамен жалғасты. Сонымен бірге, жеңіл атлетика, волейбол, футбол, тоғызқұмалақ және  көңілді эстафеталар өткізіп, жеңімпаз деп танылған  оқушылар марапатталды.