«1 қыркүйек- Білім күніне» арналған салтанатты жиын

«1 қыркүйек- Білім күніне» арналған салтанатты жиын

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің 2018-2019 оқу жылындағы

«1 қыркүйек- Білім күніне» арналған салтанатты жиынның өтілуі туралы ақпар

      Бүгін мектебіміздің  оқушылары  жазғы  демалыстан оралып, мектебімізбен қайта қауышты. Білім ордасы қайтадан балғын бүлдіршіндердің думанды базарына айналды.

            Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  1 қыркүйек- Білім күніне арналған салтанатты жиын    өтті.  Жиынға  1,10,11 сынып оқушылары және ұлан сыныптары, мектеп ұстаздары, ата-аналар  және  қалалық  ветеринария бөлімінің басшысы  С.Б.Молдабеков  қатысты.  Мерекеде алғашқы қоңырау мерекесімен мектеп директоры А.Т.Төкейбекова,  барша  ата-аналар атынан  ата-ана  Қ.О.Ештанаев  құттықтап,  игі тілектерін білдірді.  Сонымен қоса,    ұлан сыныбының оқушысы  Қоңыров Дарын  барша қауымға, оқушыларға және кішкентай бүлдіршіндерге тілектерін айтты. 1- сынып  табалдырығын аттап отырған жас бүлдіршіндер  тақпақтарын айтып, 4- 5 сынып оқушылары    үгіт насихат тобының көрсетілімі қойылды.    Жиында мектебіміздің жас таланттары ән айтып, би биледі. Жиыннан соң сынып жетекшілер оқушылармен «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында  тәрбие сағаттарын өткізді.   Соңынан  2-9 сыныптарға арналған  салтанатты  жиын өткізілді.