Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің қала күніне орай өткізілген салтанатты жиын ақпары

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің қала күніне орай өткізілген салтанатты жиын ақпары

   11.04.2018 жылы жас ұрпақты өз Отанын сүюге,  туған жерінің тарихын білуге, туған жерін қастерлей білуге, оқушыларды өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу мақсатында мектебімізде қала күніне «Балқашым-Жерұйығым!» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын оқушылардың Балқаш қаласының Гимінін орындаумен басталып, мектеп директоры А.Т.Токейбекова оқушыларды қала күнімен құттықтады. Жиын  Нұрлан Наргиздің орындауындағы «Туған жер» атты әнмен жалғасын тауып, оқушылар атынан  10А сынып оқушысы Медеуова Аяулым қала күнімен жүрек жарды тілектерімен  құттықтады. 8А сынып оқушылары қала күнінен арналған үгіт насихат көрсетілімін көрсетіп, жиын биші қыздарымыздың мың бұрала  билеген қазақ халқыны ұлттық биімен аяқталды.