«Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым» атты мерекелік іс-шараның ақпары

«Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым» атты мерекелік іс-шараның ақпары

   Наурыздың жетінші жұлдызында мектебімізде 8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай анаға, әйел затына деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру және мектеп мұғалімдеріне мерекелік көңіл – күй сыйлау мақсатында «Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым» атты мерекелік іс – шара өтті. Мектеп директоры А.Токейбекова мұғалімдерді мерекелерімен құттықтап, «8-ші наурыздың 8 аруы» мәртебесі бойынша мектебіміздің бірқатар мұғалімдері марапаттады. Іс-шараға мектебіміздің ардагер ұстаздары шақырылып, мерекеде өз жылы лебіздерін білдірді. Шара барысында мектебіміздің ер мұғалімдері мен оқушылары әннен шашу шашып, бимен өрнектеді.