"Алғыс айту" күніне орай ұйымдастырылған жәрмеңке

 "Алғыс айту" күніне орай ұйымдастырылған жәрмеңке 

Бірінші наурыз алғыс айту күніне орай мектебімізде оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында жәрмеңке ұйымдастырылды. Оқушылар үйлерінен әр ұлттың тағам түрлерін дайындап, әр ұлттың киімін киіп келіп, мектеп дәлізінде дастархан жасады.  Мектеп оқушылары мен ұстаздар тағамдардан ауыз тиіп бір – бірін мерекемен құттықтап, алғыстарын айтып, ізгі тілектерін айтты.